Ауыр, сом, батпан, зіл, зілмауыр, зілбатпан, салмақты, қорғасындай, зілдей, шомбал

lat: Aýyr, som, batpan, zil, zilmaýyr, zilbatpan, salmaqty, qorǵa- syndaı, zildeı, shombal.

Салмақты, ірі, кесек, зор.

Қойдың жүндес етті тұқымдарының жүні мол болуымен қатар, тірідей салмағы ауыр келеді (А. Елеманов).

Ортада тұрған сом денелі жігіттің бір қолында қайла, екінші қолында тудың тұтқасы (Ә. Әбішев).

Тоғай сом денесінің батпан салмағымен талдырмаш денемді майыстыра жаншып, орнынан көтерілген (Ә. Сәрсенбаев).

Шана қисайғанда үстін басқан зілі жеңілдегендей болып еді (Қ. Жұмалиев).

Зәли еңсені басқан зілмауыр жүкті лақтырып тастағандай орнынан жеңіл тұрды (А. Мекебаев).

Бұлар зілбатпан бірдеңелерді арқалап, бастарына қойып әлдеқайда ағылып барады (Қ. Сатыбалдин).

Маяны қозғалмастай етіп, салмақты сырықтармен бастырықтап тастады (Ж. Тілеков).

Үстімді қорғасындай ауыр салмақ басып қалғандай, түра алар емеспін («Қаз. өдеб.»).

Әйелдің иығынан зілдей жүк кенет жерге түскендей, аяқ басуы жеңілденіп кетіп еді (X. Есенжанов).

Бұл талай рет бәйге алып жүретін шомбал сом денелі Батырбек деген палуан еді (Б. Соқпақбаев).